ВЕРНУТЬСЯ

Карта алдында тұрмын мен,Сызықтарға қараймын:Айқыш-ұйқыш.Талай мың...Әлем-жәлем дүние,Сансыз теңiз,сан айдын!..Қалай сенi көкiрегiме қамаймын!..                Анам-ау!..Арайлы-Жаратқаным-ау!..Көзiмнiң қарашықтары,Шулаған  қарағайларым,Атылған қарамайларым,Зулаған зымырандарым...Қаптаған, қанаттарым-ау!.. Әулие,әнбиелерiм,Түйелерiм,киелерiм,Барлығы осында ғой,Сүйенерiм. Кеңейiп бiр қаралық,Суларға тұрған ағып.Қуларға қалқып ұшқан,Бүкiл әлем жаралған,Талпыныстан!..                               Нүктелерiм,Тауларға айналыңдар,Мұхиттар мен кешпеген,Өз өлшемдерiңе,Арманға айналыңдар.Адамдар,iрiленiңкiреп,Заңғарға айналыңдар.Сiздердiң  уақтығыңыздан,Менiң бiр тайғаным бар!.. Iрiленiңдершi шамалы,Тiгiлiп айналаңызға.Сендерге еремiн деп ендi,Жәндiкке айналамыз ба!.. Мен қазiр жыраққа шығамын,Бұрғылап бұлаққа шығамын.Кiрпiгiңiздiң ұшына,Сезiмiңiзге,түйсiгiңiзге,Желбезегiңiздiң босағасына,Кұлаққа шығамын..Есiтер құлақ болмаса,Сусындар бұлақ болмаса,Сендерде жұмақ болмаса,Мен қалай жұмаққа шығамын!.. Iрiленiңкiреп,пiлге айналыңыздар,Ауырға,зiлге,Жайыққа,Нiлге,Алапат жойқынға,Жайхұнға,Сайхұнға,Тұранға,Иранға айналыңыздар.Құранға,иманға айналыңыздар.Абақтыларыңыздан бiрер сәтКүншуаққа шығып ,Қолдарыңызды қалтаңызға тығып...Ойланыңыздар!..Түйiршiктей,Көктен үгiлiп түскен қиыршықтайШамаңыз бар!..Өткенге, арқаға қараңыздар,Құм басқан қаңқаға,Сочиға,Ялтаға,Америка деген жақтарға,Көктеген бәйшешектерге,бидайға,Арпаға,Әрине картаға,Одан кейiн ...қалтаға қараңыздар!..2005 жыл өспірім кездегі өлеңді өңдеу барысында туған өлең