ВЕРНУТЬСЯ

Әр жапалақ іздейді өзіндейді,Жарғанаттың жарықты көзі ілмейді.Өзің қандай жігітсіңҚайыры жоқ,Бары-жоғың әлемде сезілмейді. Томпиып кеп жүресіңҚозы құсап,Бола ма екен – мұндай да сезімі ұсақ?!.Біріне де әзілдеп,Тиіспейсің,Әйелдердің ашпаса өзі құшақ. Айбынасың білгенді білем деуден,Сөзді де сен жүресің үнемдеумен.Шыныңды айтшы,Мен саған қарасайын,Қорқып жүрген жоқпысың біреулерден?!. Тойларға да кірмейсің дархан барып,Жұрттан сенің нең бар-әй,Жалтаң қағып,Жауыр аттай әркімнің жетегінде,Қашан көрсең жүргеніңАрқандалып. Сен өзі жігітпісің, қозымысың,Дүрсілдей ме жүрегің,Қозып ішің?!.Докторлардың алдына барасың ба,Сен соның бар екенін сезу үшін?!.Бар ма өзі сол нәрсеСоғып тұрған,Анықтап сұрадың ба со доктордан?!.Сені тілдеп отырған дұшпаныңның,Кетпеймісің алдында болып құрбан?!. Қызық жігіт екенсің“Неріві” жоқ,Неріві жоқ адамның сенімі жоқ!Мұндай адам қарғадай жүз жасайды,Жүз жасының бір күндей өмірі жоқ!.. Өзің қандай жігітсің ұшқыны жоқ,Ұшқыны жоқ адамның – ұсқыны жоқ!Мұндай адам қарғадай мың жасайды,Мың жасының бір күндей ыстығы жоқ!.. Кімсің-әй,Мүрдемісің?!.Өліп қалған?!.Шыға келген жоқпысың моргтардан?!.Бұл дүниеге адасып келіп қалып,Жасап жүрген жоқпысың қорыққаннан?!. Жүремін мен әркімді шалып-қиып,Атқан оғым жатады анық тиіп.Сендей болып бір ғасыр жасағанша,Өліп кеткен жақсырақЖанып-күйіп! Сорпам саған үш қайнап қосылмайды,Батыл басқа түседі тосын қайғы!Қажыры жоқ жүректіҚайрау керек,Бұл автор ұнатадыОсындайды!                             29.Х.1999 жыл