ВЕРНУТЬСЯ

          Орта жолда бүріп
тастап оқ құзғын,

Құлап жаттым құшағында көк мұздың.

Қасіретімді

қазақ тілін
қанат қып,

Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.

Көкірегінен атылса да оқ күздің,

Жаз етіп мен
күздің өзін өткіздім.

Шаттығымды

қазақ тілін
қанат қып,

Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.

Сол тілменен
дүниені атадым,

Таптым бүкіл
тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз
сүті ананың,

Жатты онда
аманаты атаның.

Сол тілменен
махаббатша тіл қаттым,

Сол тілменен
талай гүлді жырлаттым.

Сол тілменен
сәбилерді сөйлетіп,

Талайлардың көз жастарын
құрғаттым.

Сол тілменен
аспан көрдім,

жер көрдім,

Сол тілменен
көгершінге жем бердім.

Сол тілменен
дүниеден кетемін,

Сол тілменен
дүниеге мен келдім.