ВЕРНУТЬСЯ

                        І Қиналғанда рухымен жебеген,Сыналғанда қолтығымнан демеген,Әке, сенің бейітіңе кеп тұрмызҰл-қыздарың, келіндерің, немерең. Келіп тұрмыз, ұзақ- ұзақ жол кешіп,Болады деп алғы күнде хал нешік.Көптен кейін бейітіңді көргендеЖоқ тапқандай көңіліміз қалды өсіп. Әке, саған келіп тұрмыз алыстан,Сенің кіндік қаның тамған қоныстан.Нәубет жылдар бытыраған қазақтыңҰрпағы біз, Маңғыстауда тоғысқан. Өзіңе айтар нала-мұңым көп менің,Кештің талай шырғалаңның өткелін.Қуғын көрдің, бейнет көрдің, жоқ көрдіңБәрін жеңдің, туған жерге жетпедің. Өзің болып жеттік атамекенге,Кім-кімің де санай алмас бөтенге.Сонау заман өзің жаққан ошақтаЛауласа от, оның кемдік етер ме?! Қайран әке, құзыретіне өктемнің,Бірі өзің ең басын имей өткеннің,Тәбәрік ғып Маңғыстаудай жеріңніңТопырағын бейітіңе ап келдім.                               ІІ Әке, ертең Маңғыстауға қайтамыз,Қош болыңыз,бақилық қой ортаңыз,Жиі-жиі келе алмаспыз басыңаЕнді алыстан “тие берсін” айтамыз. Қара жолда айнымай бір нүктеден,Асығамыз, ісіміз көп бітпеген.Әке, өзің рухыңмен жар болып,Қағып тұршы, кесапатты күтпеген. Басыңа кеп, құдай өзі жеткеріп,Саған деген бір парызды өткеріп,Біздің көңіл соған дағы хош болдыӨзің жайлы айтылғанда естелік. ...Сонау жылдар оталдың да көктедің,Кештің бастан ызғарын да өкпегін.Тауқыметтің бәрін көріп бірақ таКөре алмадың тәуелсіздік жеткенін. Көре алмадың ұл-қызыңның өскенін,Өзің айтқан атажұртқа көшкенін,Кіндік қаның тамған жерден сен жаққаСағыныштың самалындай ескенін. Уақыт сырғып, жатыр бәрі алмасып,Тірлік барда, алдымызда бар нәсіп,Әке, өмірің ұрпақтарың арқылыБолашаққа бара жатыр жалғасып...                         ІІІ  Әке,сеніңБейітіңнің басына,Келіп, маңдай тіреп құлпытасыңа,Кетерімде тұрдым іштей егіліп,Өзіме-өзім қайрат бердім:– Жасыма!Қасиетті Маңғыстауда туылып,Жөн-жосықсыз жат өлкеге қуылып,Ғұмыр бойы ащы терге жуыныпЖүрсең дағыКөрмеп едің ешқашанАтажұрттан суынып.Енді міне,Татар дәмің таусылып,Жүрек тоқтап калған кездеТән суып,Жат топырақЖатыр сені қаусырып...Кіндік қаның тамғанСол бір өлкеде,Ұлдарың жүрБиік намыс, өр кеуде.Сен деп келді,Енді елге қайтадыҮміт артып ертеңге....Өмір заңыСуша уақыт жатса ағып,Ғұмыр өтіп,Екіншісі басталып,Арман бар ма, кетсең мәңгі ұйқығаӨз жұртыңның топырағын жастанып...