ВЕРНУТЬСЯ

Батырдың 200 жылдығына Махамбет селосында оқылған өлең Оң қолында жарқ-жұрқ етіп алдаспан,Қас жауына сермеп өткен талмастан.Арыстан ұл-Тайманұлы Исатай,«Жайық үшін жан беріп,Қиғаш үшін қандасқан».Ардың туын түсірместен төбеден,Қаймықпаған борап ұшқан жебеден.Соның бәрі алу үшін- Еркіндік,Соның бәрі болу үшін – Егемен. Жан серігі ер Махамбет-сөзі алмас,Қиып түсер, ол мазаққа төзе алмас.Туып кеткен бір ақын, бір батырдың,Сымбатынан кім-кімің де көз алмас.Кетпек емес халық берген нұр беттен,Сендер жайлы әуезді еді жыр неткен.Құшағына ап Махамбетті Маңғыстау,Ханға бермей аялады құрметпен.Жағасында жаудың қолы  қарысқан,Бостандықтың ақ күні үшін алысқан.Тусын ләйім, тусын ләйім қазақтан,Исатайдай батыр ұлдар – Арыстан.