ВЕРНУТЬСЯ

     (күйші
Ғибатолланың рухына)

Сыры
мол ұға білсең бұл аймақтың,

Өзінің
қасиетімен ұнайды
ақ құм!

Сол
құмның төскейінде туғандықтан,

Мен,
сірә қайғырмаппын, мұңаймаппын.

Бал
тамған ән орнына таңдайлардан,

Ол
тұсты әлі күнге шарлайды арман!

Дарындар
дариясынан сусын ішкен -

Көңілдер
- қанағатсыз, қанбай қалған.

Бұл
жерде күй күмбірлеп,
ән төгілді,

Сазына
сәби ұйықтап,
қарт егілді...

Ғажап
үн аспан астын шарлай берді,

Сиқырлап
әуенімен әр көңілді...

Сол
бір саз көтеріліп жер бетінен,

Балқыды
бойжеткендер, жеңге түгел!

Тегінде
қазақ біткен - бесігінде

Сыбызғы
сарынымен тербетілген...

Сол
үшін күйді қазақ қиған емес,

Сол
күймен кең далаға сыйған емес!

Ал
мынау домбырашы - қонағымыз, -

Қазанғап,
Дәулеткерей, Дина да емес!

Қолға
алды домбырасын сүйектеген,

Басы
емен, сабы да - емен,

Тиек
те - емен! 

Ел-жұрттың айтуына қарағанда -

Тартылмай бұл адамнан күй өтпеген.

Ақбоз
үй...

Аузы-мұрны
толған адам...

Күй
кетті қос ішектен сорғалаған!

Домбыра
қүдіретін өзге түгілі,

Тегінде
тәңірің де болжамаған

Сиқырлы
үн әр кеудеге еркін кіріп,

Жіберді
жан-сезімді желпіндіріп!

-      Па, шіркін!..

-      Ой-хой, балам, көп жаса! - деп,

Қостады
шалдар бастап...

Серпілді
жұрт!

Күйшіміз
омырауын айқара ашып,

Байқады
пернелерді қайта басып!

Сырғанап
саусақтардан шыққан әуен

Өз
сырын түсінгенге айтады ашық...

Он
саусақ сағадағы сырды ұрлаған,

Қыз
болып сөйлеп
кетті сыңғырлаған:

"Гүл
едім шешек атып, жарылмаған -

Бай
ауылы құда
түсті бір күн маған.

Бірақ
та бұл
тағдырмен келіспедім,

Тәртібін
ескіліктің - теріс дедім!

Бұйырған
бақытыма қарғыс айттым...

Көнбедім!
Барлығын да кері істедім!

Ойладым
өзім жайлы...

Анам
жайлы...

Мына
сөз оған - дерт те!

Маған
- қайғы!

Ананың
ақ сүтінен жаралған жан -

Қалайша
өз бақытын таба алмайды?!

Жинасын
жиһаз үшін көмбе
барқыт,

Жүретін
шүберекке мен бе балқып?!

Бармаймын!

Шалға
тиіп өлгенімше,

Жұлдыздай
ағып түсіп өлген
артық!

Жарлыға
жарық қайда бас сұғатын?!

Кез
еді ол - көкірекке жас тұнатын.

Заманың
тас-табандап тұрғандықтан,

Байлардың
тақымында - жақсы қатын!

Қаптаған
құмырсқадай майға анталап,

Әкетті
бақытымды - байлар тонап...

Тағдырдың
тәлкегіне түссем де мен,

Жабығып
жүре алмадым қайғы арқалап!

Төзбеді
оған менің балғын жаным -

Жетер деп, мал соңында қаңғырғаным,

У
беріп су орнына... мәңгілікке

Өшірдім
біржолата шалдың бағын!

Қош
енді!

Тұзақ
құрған тылсым заман!

Кеттім
мен қайрылмасқа -

Қусын
маған! -

Сағадан
сыбызғы саз көтерілді...

Аққудай
қос қанаты сусылдаған!

Қос
ішек бірде тынып,

бір
тіл қатып,

Салады
аққу әнін сұңқылдатып...

Тар
дүние қапастағы кеңігендей,

Осы
да қызды күткен, шіркін бақыт!

Кербез
күй әр жүрекке жылжып кіріп,

Барады
ғажайып бір сырды ұқтырып:

Өзінің
бақытына жету үшін -

Қыздарда
күресіпті-ау, тірлік қылып.

"Тыңдаушым,
таусылды ма тағат-төзім,

Осы
еді айтатұғын аз-ақ сезім..."

Дегендей,
домбырашы тамамдады,

Алыста
жанған отқа қадап көзін!

Атамай
атын қалай аттап өтем,
-

Бойжеткен
бұйырмапты жатқа бөтен!

Сол
еді Көркем
ханым қызымыз, - деп

Қазақтың
бір жігіті тартқан екен...

Келтіріп
құлақтарын оң бұраған, -

Күй
кетсе кербез басып домбырадан,

Тұрады
Керкем ханым күлім қағып,

Тұрады
көз
алдымда сол бір адам!

Тусырып
дала жатыр ырыс өнген,

Жаздағы
жұлдыздың да нұры сөнген.

Бақтағы
балбыраған ағаштардың,

Сидиып
өздері
тұр, бүрі семген.

Көңілді
күлкісі жоқ бұлақтың
да,

Көгілдір
түр-түсі жоқ құрақтың да.

Сарнайды
ұзақ таңға долы боран,

Кім
білсін, тоңғаннан соң жылап тұр ма?!

Жұтардай
табиғаттың бораны нақ,

Кең
дала ұйықтап жатыр оранып ап.

Тағдырдың
заңы солай!

Қартайған
соң.

Осындай
адамның да болары хақ.

"...Бұл
жерде бақ бар еді
- мен білетін,

Бұл
жерде бақ бар еді - сен жүретін,

Өзгерген
орны жатыр.

Өткен
жылдар,

Тастаған
бұталарын селдіретіп.

Неліктен
ағаш қайта көктемеген,

Қайда
сол - көлеңкесін
төккен
емен...

Қайың
тұр айдалада жалғыз қалып,

Арудай
арманына өкпелеген.

Бәрі
жоқ...

(тастаған
ба түн жасырып,

әлде
олар кетті ме екен құмға сіңіп)..."

Мен
тұрмын жалпақ құмда

ойға
шомып...

Қарайды
жылжыған Ай шыңға асылып.

...Алтын
Ай!

Саған
біткен нендей көрік,

Сезімім
сені ойласам бермейді ерік.

Өлкеге
өзің
өскен
барамын-ау...

Қайтарда теңселемін сеңдей болып.