ВЕРНУТЬСЯ

              ІТамарадан не қалды?..Арман қалды,Дала қалды,тау қалдыОрман қалды.Тіршілік деп  күйбеңдеп,қол босамай,Көптен қалған сұм дүние,жалған қалды. Алтын арай мың алғыс, күміс күнге,Қылша мойным көп түсті қылыш тілге.Тамарамен қайтам деп аққу көріп,Жалаң аяқ Із қалды құм үстінде. Отырып ек екеуміз қай маңайда,(...Сүйрелейді ,аяулым,  ойдан-ойға.)Өшірді ғой ол ізді сол сәтінде-ақ,Толқындары теңіздің майда-майда. Өкінгенмен не пайда өткен ізге,Тағдыр біздің қарай ма өкпемізге?!.Өткен жылғы су емес мына су да,Ондағыдан басқаша көк теңіз де. Ол көктемнен жоқ еді асқан көктем,Табаны ол көктемнің тастан кеткен.Мына теңіз аспаннан кеше түсіп,Өткен жылғы көк теңіз...Аспанға өткен!..                       ІІБоз інгенін боздатып босқан атам,Өзге түгіл жаймаған досқа алақан.Тамара мен Қалбайдан өнген бұтақ,Еріп жүрген қасымда бес балапан!.. Көк теңіздің бойында бұла күш бар,Бірі келіп толқынның,бірі алыстар...Өткен жылғы біз көрген аққулар жоқ,Ол аққудың баласы...Мына құстар!.. Өзге сөз бар өзгенің құлағында,Кімдер келіп-кетпеген бұл ауылға?!.Тамараның барады көлеңкесі,Көк теңіздің көлбеңдеп тұманында...                          ІІІАғаш қайық алыста қылтыңдайды,Жалғыз жүрген адамды кім тыңдайды?!.Ойнап-күліп бұл дүние ақар-шақар,Бұрынғыдай жүрегім...бұлқынбайды!.. Сырласуға шақырсам сеніскенді,Іш демеймін оған да мен ішкенді.Жылағаны ақынның айып па екен,Жоғалттым ғой мен бүгін...періштемді!.. Төлегенің емес пе ем,Жұмекенің,Өз сөзімнен өзімнің зір етемін.Әрең-әрең келемін жасымды іркіп,Жігеріңді жыласам құм етемін!.. Сұрамай ма сен жайлы  елім ертең,Мың болмай ма соңыңнан  өніп өркен?!.Бұл дүниенің құтылып тамұғынан,Жұмаққа өтіп барады...менің еркем... Өз еркіне жіберсем...Қайық басын,Бұл қайғының білемін айықпасын.Жел өтіне шығып бір жылайыншы,Барлығымды көпшілік...Байыптасын!..                    16.02.2011 жыл.