ВЕРНУТЬСЯ

Көздер, көздер, түпсіз тұнық сырсыңдар,Мөлдірлікпен баурап жанды тұрсыңдар.Бұлқынсын деп бір өртеніп, бір күйіп,Кетесіңдер жүректерге нұр құйып.Жапа шеккен жолаушыдай елсізбен,Көздер, көздер, жабырқаумын сенсіз мен.Жалынсыңдар, ызғарсыңдар кей көздер,Бота көздер, қара көздер, қой көздер.Күлкіні де, қайғыны  да ұқтырып,Қалар кейде кірпіктерге шық тұрып.Кей сырды да айта алмаған сөзбенен,Жеткіземіз біздер осы көзбенен.