ВЕРНУТЬСЯ

Қозылардың артынан,Маңырауға тартынам.Қошқарындай қасаптың,Таразыға тартылам. Елдің-жұрттың көзі бар,Бұттарында бөзі бар.Мүйізіне қошқардың,Қызықпаңдар,қозылар!.. Сойылуға асықпа,Жойылуға асықпа!..Бастабаққа бас болып,Қойылуға асықпа!..Жетіліпсің!Жарайды!..Ертең мұрның қанайды!Қасап-өмір,қарағым,Құйрығыңа қарайды!.. Көрдің бе анау жиынды,Көретін сол  сиыңды!Ана бір шал пышақпен,Шұқылайды миыңды!.. Тағдырыңа таң қалма,Қара осы аңдарға!..Ертең сенің етіңді,Қуырады ...маңғалда!..           14.07.2000 жыл