ВЕРНУТЬСЯ

Қоңыр дала,Қоңыр үй,Қоңыр тірлік,Тұрмайтын ба еді бояудан өмір түрлі.Түрлі бояу... бар жерде тірлік ояу,Көз жауын алушы еді – ау,Жүректе от жанушы еді – ау.Қызғалдағы – қып – қызыл,Тауы – қара,Орманы – көк,Ал мынау талғамы жоқ,Суретшінің шимайы тәрізденіп,Жабырқатқан жаныма көріністен,Нәр іздедім....Қисық – қисық ойымды түзетем ғой,Өйткені бұл күз екен ғой.Қоңыр дала,Қоңыр үй, Қоңыр тірлік ......Қалай бабам білмеймін,Өмір сүрді...                       12.06.02.                ***Мейірім төгіп нұр саулап,Күн сәулесі тарала.Босап қысқы құрсаудан,Жатыр балқып Жер – Ана.Сұлу мүсін бейнені,Ынтықтырған, іздеткен.Жел желпіген көйлегін,Күлімдейді қыз көктем.Бозторғайлар ән салып,Бүр жарыпты бауымыз.Күткен аңсап қаншалық,Келді міне, Наурыз.Құтты болсын халайық,Ұлы күні ұлыстың.Қане қарсы алайық,Басы болсын нұр істің.