ВЕРНУТЬСЯ

Күндер өтіп барады, күндер өтіп,Ақ қағазға төнемін түнделетіп. Апта жылжып барады, апта жылжып,Сенделемін бейуақта бақта жым-жырт. Жылыстайды айлар да дөңгеленіп,Бірте-бірте басылар менде желік. Жылым мені қарсы алар сүйіп тұрып,Өрісімді, өремді биік қылып. Жүрегіме өлеңім жүгін артар,Жанарымның сол сәтте мұңы тарқар. Дүлей шабыт күшіне енгенімде,Өзіме-өзім күркірей сенгенімде- Аруақты Даламдай арқаланып,Тілден маржан төгермін бал тамарлық...

Автор: