ВЕРНУТЬСЯ

Күндерім күйбеңменен тұтылуда,Бұ Ғалым ұлы уақыттан ұтылуда.Жырламай жүрегімнің пернелері,Жастық шақ жан бағыспен жұтылуда.Көкірек кейде қарыс айрылардай,Жөнім бар басым шайқап қайғырардай.Жігіт ем жанарыма алау жаққан,Желісім әлі шабан тай-құнандай.Бойдағы буырқанған тасқын қайда,Мас болған дүниеге жас күн қайда?Бұйығып өте шықса өмірің – қор,Ондайын тірліктен не, достым, пайда?Бұрқанып бұрынғыша күн кешелік,Балқытып жанды әнмен, жыр еселік.Пәс-ғұмыр пешенеге жазылмаған,Пәниде күйкі-күнмен күреселік.

Автор: