ВЕРНУТЬСЯ

                 ІАйтар болсамЖасырмай не асырмай,Отыр әлі алған әсер басылмай.Шертсе деймін өмір сырын бар аспап,Осы Ару домбырасындай.Тіл жоқ деген домбырада бекерлік,Қос ішектен нөсер жаңбыр төгерлік.Ынтықтырды, ынтықтырды өзіне,Нәзіктік пен шеберлік.Айдын көлге көңіл құсын қондыра,Шықты алдымнан шын құпия, мол мұра.Жеңілсем де болар едім даулескер,Өкінішті-ақ шерте алмауым домбыра.Шылбырынан босана алмай тұр төзім,(Осы сырды тек құпия білші өзің),От шашама маған қарай нұр көзің.Астан-кестен қылған тұла бойымды.Лапылдар ма,Өшер ме екен бұл Сезім?!                         ІІБаурайтындай едің жаным, сонша кім,Аңсар жүрек осы сәтте аңсарын.Шымырлатып көкірекке жыр құяр,Сиқырлы екен қарындасым саусағың.Бал-бұл жанып, бал-бұл жанып гүл өңің,(Осы сәттің құпиясын білемін).Саусақ емес сағақтан сыр ағытқан, Жүрегің ғой,Жүрегің ғой,Жүрегің.Жетегіне еріп небір ойлардың,Арғымақтай бір қазыққа байландым.Күмбір қағып тұрған қазір күй болып,Сенің құттай жүрегіңнен айналдым.Көгершінім –Аспанымнан түсірмес,Көңіл сырым –Ләззатым ішілмес.Түсінеді жүрек жырын бар адам,Түсінбесе жүрегі жоқ түсінбес.