ВЕРНУТЬСЯ

Жазмыштың соққысынан ұсатылмай,Озмыштың өркешiнен құшатындай.Қанатын қомданады бала қыран,Сәлден соң тауды бүрiп ұшатындай. Сыйпайды жел қыранды сан қылықпен,Жарасы бар жүректе жанды үгiткен.Тасты тiле саңқ еткен қыран даусы,тауларды жуып өттi жаңғырықпен. Жуып өттi.Өрлiк бар боз тiлiнде,Әлем жатыр қыранның көз түбiнде.Даусынан-ақ таниды таулар оны,қырандар тек сөйлейдi өз тiлiнде. Таубiздi де тыңдайды ұғам ба деп,тiл армандар «салтанат құрам ба» деп.«Сөйлейтұғын тек қана өз тiлiнде,менiң халқым айналса қыранға» деп.Қазақ тiлiм кетсе деп тiзгiндi алып,жүрсем де, кейде үмiттi үздiм налып.Бiр-бiрiн танымайтын екi ел сынды,Екi тiлде сөйлейдi бiздiң халық. Екеуде айырма бар. . . сыртың ба екен?әлде. . . ғажап қазақы күлкiм бе екен?Бiр халық екi тiлде сөйлеген соң,рухы бiр болуы мүмкiн бе екен? Басқа тiлдi көшiрiп көшiргiшпен,өз тiлiңдi өшiрiп өшiргiшпен.Бөгетсiз,шекарасыз,кеденсiз-ақ,өзге тiлдiң мерейi көсiлдi үстем. Мақтаныштың кенелiп қызығына,Билiк айтып үзiк пен бұзығыңа.Бөтен тiл шаттанып кеп жатып алды,Саясаттың енi мен ұзынына.Басқа тiлдер салады көлгiртiп ән,санаңды бүркегендей селдiр тұман.Бiр мүмкiндiк сұрап тұр қазақ тiлiм,-Бiр демеп жiбершi, - деп ел жұртынан. Жiбер оны дауылға жетелетiп,Тасқын болып бөгеттен кетедi өтiп.Бiр мүмкiндiк бер оған, құдыреттi ол,құздарды аттап жөнелер төтелетiп. Бабалардың көтерсiн тiлегi бой,Бұл тiлiм Бiлге ханды бiледi ғой.Мүмкiндiк бер,Жолын аш мәрт тiлiңнiң,Күлтегiндер сөйлеген тiл едi ғой. Қуат сұрап бабадан, Пiрiмiзден,жетелейiк әнiмiз, жырымызбен.Таулар сынды танитын қыран даусын,Әлем бiздi танысын тiлiмiзден.