ВЕРНУТЬСЯ

Құлпырып жатқан қырдан бұл,Гүл терсем деп ем, не керек!Қауызын ашып тұрған гүл –Қанатын жайған көбелек... Шақырып қырдың гүлдері,Көбелек келіп қонады.Жараса кетіп түрлері,Аумаған гүлей болады. Сөйлейді сезім – сырнайшы,Гүл термек ойым шатысты.Көбелек қайсы, гүл қайсы,Айыру қиынға түсті.Көбелек – қиял қалықтап,Гүл өсті менің жаныма.Жоғалдым көкке шарықтап,Оралдым балғын шағыма. Толғандырып-ақ тұр үнсіз,Жаным-ау, неткен нәзіктік!Тірлікте мынау тынымсыз,Бағаңды, бәлкім, аз ұқтық. Үзуге батпай барамын,Сұқтануменен шектеліп.Ұшқандай, дарқан даланыңГүлі де көбелек болып!