ВЕРНУТЬСЯ

          Бәйге бітті.

Арамтер боп шаршаған

бір бозбасты сөзге жығып барша адам,

«Байкем тойы жақты ма?» деп аңқылдап,

алма-кезек қағып мені арқадан,

боз үйлердің белдеуіне ат байлап,

боза сілтеп,

нарын жеуге тарқаған.

Жал-құйрығын
желбіретіп күз желі,

Жортып өтті сәйгүліктер тізбегі,

«Қазағыма мінгізейін бір ат» - деп,

Марқабай дос ең жүйрігін іздеді,

менің көзім аққу мойын атта емес,

атқа мінген аққу
мойын қызда еді...

Жомарт халық көрмедім мен қырғыздай,

мәпелейді-ау мойыныңды бұрғызбай.

Ат мінгізіп,

қалпақ тартып жатса да,

мақсым сілтеп отырмын мен дым қызбай.

Түн түнегін тіліп түскен жұлдыздай,

өзегімді өртеп кеткен қу қызды-ай!

Бозадан соң бал-бұл жанып,

нұрланып,

тек қазақша жырлайды екен бұл халық,

қонақкәде қайтарар ем қырғызша

тіл байланған,

отырғам жоқ бұлданып:

«Айылдың арғы жағынан...»

аттан түсіп жолығар ма ем ұрланып!..

ол бір әнді сен маған жырламашы,

Жатыр онда махаббат мұң-наласы.

Сыздамалы сезімдер қайта оралса

Айқаспайды кірпігім түн баласы.

Сол бір әнді сен маған жырламашы,

Жатыр онда жастықтың жылнамасы.

Сөніп қалған жанартау қайта оянар,

Қайта ашылар жүректің бір жарасы.

Жырламашы сен маған сол бір әнді,

Өзге әуенге бұрашы
домбыранды.

Өткен дәурен - ұшпа бұлт, келді, кетті,

Өткен дәурен - қызған шоқ, сөнді, қалды

Жырламашы сен маған сол бір әнді.

Ерітпеші санамнан тоң, қырауды.

Есіме алғым келмейді ескі мұнды,

Есуас боп кетсем де енді мәңгі!..

Махаббат,

сен асықпа,

сәл аялда,

барар жерің қашық па?

Үзілген гүл ғұмырындай
мұрсат бер

өліп-өшкен ғашықка.

Сағынышымды сарғайған

ақтарайын,

қыл суырып cap майдан.

Ақырзаман өтіп кетті мен үшін

қарсы алдымда қан майдан...

Тағдырменен ерегес -

қан майданнан кем емес,

күйіп-жанып күлге айналған көңілім,

толғанды
екен неге кеш?

Аламанға тап келіп,

атым болды ақ көбік...

анау қыздың қанжығасына байлашы сен,

махаббат,

менің
мынау жүрегімді қақ бөліп!..

Жадыраған жаз
жөнеліп, күз келді,

Жапырақты жел жұлып жүр мұз демді.

Жастық шақты қоямыз ба іздеуді,

Жақсы күндер оралар ма бізге енді?

Енді бізді шақырар ма бақшалар,

Тулай ма енді жүрек дейтін пәтшағар?

Сүйемін деп сыбырлар ма жапырақ,

Күйемін деп күбірлер ме ақ самал?

Алыстады қызыл-жасыл көш-керуен,

Қалыспады хош деуменен жас дәурен,

Тәттіге бір тоймай қалған баладай

Әлі, бірақ махаббатқа аш кеудем.

Ғайып болды жүректегі нүрлы жыр,

Ғайып болды шүғылалы, гүлді қыр.

Дүниеге қос қайтара келмесе

Ғашық жанға жетпейді екен бір ғүмыр.

Күстаналап, кінәламан ешкімді,

көнбіс жүрек өз кінәсін кеш білді.

көз алдыңа келтіргенмен жер-көкті,

көңіл сырын көрсете алмас еш дүрбі.

Балалықта татып қалған балдай дәм,

бұл-бұл үшып ғайып болдьі таңдайдан.

құдайда да
қол бар шығар, бар шығар

тым болмаса бір сипайтын маңдайдан?..

мұңлы өлең 

мәлім
маған мынау жақ:

мынау көше, мынау бақ,

мен сырғанақ тебетін

мұрша
тапқан мұзойнақ,

мұнарланған ескерткіш -

мүлгіп
кеткен қыраулап,

мысқыл күлкі тұрғандай

миығында жын ойнап,

май тоңғысыз айлы түн,

мысықтайын мияулап,

майы азайған майшамдай

мөлиген ай тым аулақ,

марғау аспан мызғиды

малма тымақ мұң орнап,

мәжнүн талдар майысып,

мәлкілдейді тұмаурап,

монтансыған әлемнен

мен де тұрмын сыр аңдап -

мамыражай мезетте

мазасы жоқ тірі аруақ,

майқан-майқан көңілім

мыжығандай піл аунап,

мертікті ме білмеймін

мінген атым лаулап,

мойынсұнбас жүрегім

мұз үстінде жүр аунап,

марту басқан секілді

мысты құртып
бұғаулап,

маңып жатыр миымнан

мың-мың сұрақ
тыраулап,

мал қайырған малайдай

мағынасыз құраулап,

мұң
меңдейді бойымды,

миымда сан сұрау
қап:

- Мәні қайда өмірдің?

мұны табар
кім ойлап?

мезгіл өте бере ме

мөлдірімді лайлап?..

... мыңқ етпейді мына әлем,

мынау көше, мынау бақ...