ВЕРНУТЬСЯ

Жүректе шашып нұр,Адалдық әуені.Арманға асық бір,Боласың дәмелі.Мерейді тасыттыр,Қонар ма, жан емі.«Маңдайын ашық қыл!,Пәлесін қашық қыл!», -Деп алып, әуелі. Құмалақ сап-сары –Ақсарбас қойдыкі.Отырсаң ашқалы,Болмасын ой мүкі.Бес түсіп бастады,Баланың – ол, - құты.Білмеймін басқаны,Ашық тұр аспаны –Қуаныш, тойдікі! Үш-үштен бөлінген,Тоғыз ба? Тастаймын...Бағың ғой көрінген,Қайталап ашпаймын.Желпініп сеніммен,Жоқ дей бер, бас-қайғым,Күн күлер төріңнен,Түспес бұл тегіннен...Ақ жолдан аспаймын.Төрт-төрттен жұптасқан –тоқ екен бүйірің!Тартпайсың, түк саспаң,Нарықтың «күйігін».Дұшпаннан күш қашқан,Көрсетпес бүлігін.«Шүкірді» ұқпастан,Тоқпын деп, тіпті аспаң,Төреші – Ұлы күн! Тіктеу де, еңсені –заңдылық – құламақ.Қоңсылас көрші еді,Сор менен, сірә, бақ.Тиер деп ел, себі,Өзіңе құмар-ақ.Санаймын мен сені,Өмірдің өлшемі –Қырық бір құмалақ! Қырық бір...                   бұл ненің,белгісі білінбек?Толғанып жүргенім,Мәнісін түбірлеп.Қырықтың білгенмін,Біреуін Қыдыр деп.«Қырық бір шілтенім,Қолдай гөр, пірлерім!» -Деймін мен күбірлеп. Дүние жанығып,Жұмбаққа тұнып тұр.Күмәннан арылып,Алайын біліп бір.Ұмтылшы, ал, үміт!Құмалақ – қырық бір:Кетпеші жаңылып...Ағыңнан жарылып,Сен маған сыр ұқтыр?!.