ВЕРНУТЬСЯ

Өткен бойда жанап сіз,Еседі бір жақсы леп.Күтейінші тағатсыз,Тереземді қақшы кеп.Ашылады күлкім де,Көңілімде де кеңіген.Бірге болып бұл түнде,Қыдырайын сенімен.Таңның жұтып арайын,Қолқаласаң өтініп.Салайын, ән салайын,Құшағыңда отырып.Кетіппін ғой қиялдап,Келсең, саған ердім мен.Болмай енді ұялшақ,Сүйгізейін ернімнен...                           ***Алдымда менің арайлап атқан ақ таң бар,Достарым мені кінәлаң, мейлі мақтаңдар.Асыға күткен арманым болсын сол күндер,Жүректің мөлдір сезімін ғана сақтаңдар.Зымырап кейде уақыт шіркін ақса тым,Мерейің өсіп орындалсыншы мақсатың.Адамға деген бір пайдалы ісіңмен,Кезсінші сенің әлемді бүкіл жақсы атың.                          ***Ортасында тілек-назым құпталған,Достар, достар, құшақ жайып шықты алдан.Шын достықтың орны өмірде ерекше,Достар үшін жан беремін керексе.Күлкі ғана өмір сәнін бар қылмақ,Достар, достар, қарсы алады жарқылдап.Армандаймыз жасасақ деп бір аңыз,Сырласқанша біз асығып тұрамыз.Жалғыз үйде зерікпестен жатты кім,Достар менің көңілді күй, шаттығым.Достар, менің көкте күнім балқыған,Достар, достар, шалқыр теңіз шалқыған.                         ***Ақтарсам деп өзіңе лағылын сырдың,Мен жүрек әміріне бағынып жүрмін.Келіскен түгіл, керіскен шақтарымды да,Сағынып жүрмін.Берген серттен мәңгілік өзгермей бір,Сағыныштың отына төзгендеймін.Мен тіпті сені шын сүйетіндігімді де,Дәл қазір сезгендеймін,Осы шақта неге әттең, кез келмеймін.Аңсауменен әзірге өтейін де,Сарғайып барып мұратқа жетейін бе?Жоқ, әлде, бәрін де қойып өзің жаққа,Тартып-ақ, кетейін бе?Айтшы жаным, не етейін мен?       ***Асықпашы,Асықпашы,Асықпа,Асығыстық  жараспайды ғашыққа.Мендегі өртті, сендегі өртті, сәулешім,Сөндіре алмас-ау,Ақ Жайық суын шашып та.Жүрек жалын, аспан жалын, түн жалын,Тамашалап туған жердің қыр-жалын.Таң атқанша қыдырамыз жүр, жаным,Қасымда болсаң, қасымда болсаң сен менің,Бұл тағдырыма ырзамын.Толқынды қара,Ақ Жайық неткен өр еді,«Қылмысымызды» да Ақ Жайық қана көреді.Есімізді алып жалындай түссін біздегі от,Өрт сөндірушінің ғашыққа,Керегі жоқ қой керегі.Сезімнен іңкәр құтыла алмаймыз қашып та,Мұндай сәт пе?Мұндай сәттер табылмайджы ғашыққа.Қарсы аламыз таңның нұрлы шапағын,Асықпа сен,Асықпашы, Асықпа!             ***Көзіңдегі сырды үнсіз,Үғушы едім.Шақырғанда кірбіңсіз,Шығушы едің.Екеуміз де бал құрақ,Балауса едік.Атқан таңға албырап,Қараушы едік.Ажырассақ сағынып,Қалушы едік.Ақ жүректе ақ үмітЖанушы еді.Сол күндерден қалды іздер,Жосылып-ақ,Тынышталдық ал біздер,Қосылып ап.                          ***Бірін-бірі адамдардың түсінетін кезі көп,Шын бақыттың тани білер, көре білер көзі көп.Асығамыз жылынуға, лапылдатып үрлеуге,Байқаусызда қалсақ болды бір жанардан сезіп от.Бірін-бірі адамдардың түсінбейтін кезі көп,Шаттық пенен қуаныштан кететұғын мезі боп.Асығамыз сусынуға, өшіруге жалынды,Бір жанардан жүрек дағы, жылынатын сезіп от.Адамдағы алабұртқан, аласұрған көңіл-ай,Бір қалыпты болмайды екен неге ұдай.Өте шығар бір адасып, бір жол тауып жүргенде,Сабындай-ақ қамшының,Келтесің ғой, өмір-ай!                         ***Соғады жүрек, соғады жүрек жаспын деп,Махаббаттың бал-шарабына маспын деп.Күннен де ыстық қызуым мол кеудемде,Кеудемде менің тасқын көп.Есігім ашық достарым, келіп қақсаңдар,Шуағым да мол жүрегім отын жақсаңдар.Шаттық бар менің думанды тойлы кеудемде,Кеудемде менің жақсы ән бар.Күндерім көп қой алдымнан тынбай бақ күткен,Армансыз күнім, алаңсыз күнім жоқ тіптен.Қарсы алам ылғи арайлап атқан таңды мен,Адамға деген адалдықпен, пәктікпен.                      ***Қамалды да бұзып жарып өтердей,Толқынына ағызып-ақ кетердей.Көктемеде тасып едің Ару Жем,Арнаңнан бір асып едің Ару Жем.Асау едің, кейпің жоқ момақан,/Мен осындай албырттықты жаратам/.Басылуды, білмейтіндей жасуды,Жарға соғып жатыр едің ашулы.Қоңыр күзде боп қалыпсың байсалды,Осы көрініс маған мұңлы ой салды.Адамның да салар бәрін жайратып,Қайтады ғой кәрілікте қайраты.