ВЕРНУТЬСЯ

      Бір зор әлім
молдадан жаңа дінге кірген бір адам:
-        Тақсыр,
мен иманды қалай етсем үйренемін? - деп сұрапты.
Әлім айтты:
-        Шыққан
күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден,
жер мен таудан, жаңбыр мен қардан үйрен,-деді.
Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз
екенін біле алмай дағдарып тұрды.
Сонда әлім айтты:
-        Далаға
шықсаң көк пен жерді көресің,
күн мен айды, көк үстінде жұлдыздарды, тауды-тасты, жел мен жаңбырды - осының бәрін көресің, соларға қарап ой жіберсең, оның бәрін адам жаратуға қолынан келер
істер емес; олай болса, соның бәрін
жоқтан бар еткен бір құдіретті ие болса
керек, біз көрмеген. Сол
ақылға ойланып жетіссең иманыңның жартысы тамам болғаны,- деді.