ВЕРНУТЬСЯ

Бүгін онша бола алмаймын төзімді,Қара ойлар жетелейді сезімді.Ашқанымнан ашпағаным жақсы еді,Қара мақпал тұмшалаған көзімді. Бүгін жақын жүрегөрме тұсымнан,Қағып таста қолдарымды ұсынған.Көкірегімде бар құзғынның ұясы,Темірқанат балапанын ұшырған. Иттігім бар,бар бетімнің шіркеуі,У жыланның сілтеуіндей сілтеуі.Көкірегімнен көтереді үш басын,Ысылдаған айдаһардың үлкені. Жүрегімді шаттандырар мұңайған,Қуысынан иреледі сұр айлаң.Қиналғанда мені сұра,адамзат,Ажал,дозақ сұрағанша Құдайдан! Құралдың да ойлап тауып жаңасын,Біреулердің қиратамын қаласын.Мен дүниеге өрт саламын қайтадан,Өртеу үшін адамзаттың баласын!Өзім туған жер бетіне еркемін,Жұрт шаттанса аза күйін шертемін.Бухенвальдта адам сойып  мен кеше,Освенцимде балаларды өртедім! Мен ояумын ақиқаттық көз ілсе,Мен пендені ойнап жүрмін көзінше.Аңдып жүріп аяғынан шаламын,Бір адамның жақсылығы сезілсе!.. Жауың менмін,жалғыз ұшпа,жас қыран,Бір басыңа әлеуметті қас қылам.Ұлы адамдар іс тындырып жатқанда,Ор қазамын аяғының астынан!.. Мен сендерден сәл соңырақ өлемін,Сенікінен көп жасайды өлеңім.Дүниенің жаралғанын көрмедім,Мен дүниенің таралғанын көремін!..                             30.Х.1966 жыл жазылды,                             21.ХІІ.1981 жыл өңделді