ВЕРНУТЬСЯ

"    1934 жылы 9 наурызда Атырау облысының Исатай ауданынақарасты Бегайдар аулында дүниеге келді. 1952 жылы бұрынғы Гурьев мемлекеттік мұғалімдер институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын аудандықмектептерде ұстаздықтанбастады. 1968 жылы Алматыда Жоғары партия мектебін бітірген соң, Маңғыстауаудандық "Жаңа өмір"газетіне редактор болып тағайындалды. 1972-1979 жж. "Жетісу"газетінде меншікті тілші, бөлім меңгерушісі, 1979-1989 жж. "Жазушы"баспасында аға редактор, кейін ақтаңдақтарғабайланысты құрылған ынталытоптың жетекшісі болып еңбек етті. 1990-1992 жж. марксизм-ленинизм классиктерініңеңбектерін қазақ тіліндешығаратын Бас редакциядажетекші редактор қызметін атқарды. Бұл күнде зейнеткер. Алғашқы кітабы "Жырлайды гүлдер" деген атпен 1966 жылышықты. Содан бсрі ұзын-ырғасыжиырмаға тарта жыр жинақтары, аудармалары, көркемсөз кітаптары жарық көрді. Өлеңдері бұрынғыКеңес Одағы халықтарының тіліне аударылып, жекелеген және арнаулы жинақтарға енді. Очерктері"Үлкен жолдың үстінде" (1978, "Қайнар") деген атпен жарықкөрді.     "Еңбектегі ерлігі үшін", "Еңбекардагері" медальдарымен марапатталды.      Шығармалары:Жырлайды гүлдер.Өлеңдер.А.,"Жазушы", 1966; Шопан бала. Балаларға арналған өлеңдер.А., "Жазушы", 1967; Сағынышсаздары. Өлеңдер. А.,"Жазушы", 1969; Қайдасың гүлім. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1974; Менің замандастарым. Өлеңдер. А., "Жалын",1977; Көктемім едің. Өлеңдер.А., "Жазушы", 1980; Ұлымасыр. Өлеңдер. А., "Жалын", 1981; Қырдағы қызғалдақтар. Өлеңдер. А., "Жазушы",1982; Гүл шоғы. Өлеңдер мен поэмалар. А., "Жазушы " 1984; Солмайды гүлдер. Өлеңдер менпоэмалар. А., "Жалын", 1986; Нұрлы шақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., "Жазушы", 1988; Ақ шуақ. Өлеңдер мен поэмалар. А.,"Жазушы", 1991."

Мақсұт