ВЕРНУТЬСЯ

Мен бүгін желге шықтым, елге шықтым,Сөз тұрмайтын ауызында пенде шықтым.Аңғармаған болса егер аңғарсын деп,Өрмелеп биігірек дөңге шықтым! Жасырған өздеріңнен ұрлығым бар,Құдайдың да алдында сұмдығым бар.Өлең етіп көзіммен көргенімді,Кей-кейде жазатұғын...Тірлігім бар!.. От ұрлап  Құдайымнан алып едім,Сол оттан өзім барам жанып,елім.Отырмын соны саған паш еткелі,Аяқтан кетпес бұрын шалып өлім. Көркем де сен,қазағым,еркем де сен,Босағаңнан қуанам мөлтеңдесем.Қуырылайын мен сенің көз алдыңда,Аңдамассың от болып, өртенбесем!.. Әні келсін тойлардың ,сәні келсін,Жанғанымды ел-жұрттың бәрі көрсін.Ән салыңдар,қазақтар,ән салыңдар,Әбдіраманов сол әннен...жанып өлсін!..                                      28.06.2000 жыл