ВЕРНУТЬСЯ

    Құдайсызға айналар пенде неден?

Діндар тәуір деп жүргем өңгелерден.

Оңым, солым қаптаған құдайсыздар,

"Дінсіздер" де жетерлік дінге сенген.

Қылығына солардың жүдедім мен,

Сарайыма дін емес гүл егілген.

Шоқынбаймын, намаз да оқымаймын,

Мен ерекше діндармын жүрегіммен.

Жидебай. 9.04.1994 ж.