ВЕРНУТЬСЯ

Ширықтым, шымырылдым ілезде менОқылып жатқан кезде мінездемем:Екенмін іс барысын айырымды,Сенімшіл, адамдарға қайырымды.Үркектеу, үрейшілдеу сондықтан да,Үнемі тартып жүрем айылымды.Көпшілмін, қылығым жоқ ала бөтен,Жетпейді, кейде жігер, талап етер.Сонда да сын естісем әділ-қазы,Жақтырмай қабақ түйіп қалады екем.Біреудің ұйып тыңдап сөзін күрең,Көп екен өн бойымда «өзім білем».Көрсемде кемшілікті көрмейді екем,Кей-кейде жұмып алып көзімді мен.Ойпырым-ай...Білмейді екем...Қалай ғана...Партбюро бәрін көрер шарайна ма?!Тер шықты-ау маңдайымнан шымыр-шымыр,«Жаңа ұқтың өзіңді-өзің,Солай бала!»Оқылып жатқан кезде мінездемем,Ширықтым түзелем деп, ілезде мен.