ВЕРНУТЬСЯ

Мүлгіген кеште немесе ару таңдарда,Шілдеде, мейлі әуеден ақ нұр тамғанда.Ескерткішінде ерлердің алау шалқидыЖалын шағындай боздақтың өткен арманда... Көктемі өтіп, көкорай қырлар оңғанда,Бетіне жердің аппақ боп қырау қонғанда.Басында ердің шоқтанып тұрар гүл-алауМезгілі ауып, гүлдердің бәрі солғанда. Көгілдір туым көгімде тұрса желбіреп,Өседі мерей, толқиды көңіл елжіреп.Тыныштық құшқан мәңгілік алау тұсынанТебіреніп үнсіз өтеді күнде сан жүрек. Түседі еске: үзіліп қалған сан арман,Қасірет жасы төгілген талай жанардан,Ананың шашы боздағын күтіп ағарған,Бейкүнә жандар хабарсыз кетіп, жоғалған... Осылайша алау соғыстың мұңын қозғайды,Өшпейтін шамдай күндіз де, түнде маздайды.Тәу етіп халқы ерлерге жаққан мәңгі отЖарқылдап өткен қыршын ғұмырдан аумайды...                                                               09.05.1998.