ВЕРНУТЬСЯ

         Есіңде ғой,
қазақта әйел күң де,

Бәсі келсе
сататын малмен бірде

Сол күңдіктің
ішінен көзіңді ашып,

Съезге ермен тең
болып келдің бірге.

Не айтылды
съезде көрдің бәрін,

Нелер болмақ,
және де не болғанын,

Кеше орыс әйелін
«маржалар» деп,

«Діні басқа»
дейтұғын молдаларың.

«Маржалар» кім?
Оған да көзің жетті,

«Әйел азат
болсын!» деп сөйлеп өтті,

Әр орыннан
әйелдер сөйлеп жатыр,

Кім бұларды
осынша азат етті?

Азат еткен
Советтің үкіметі,

Теңелуге түзелді
әйел беті,

Көпті көрдің,
көп білдің, тәжрибе алдың,

Жасық болма,
Мүслима, енді бекі!

Ел әйелі әлі де
күндікте жүр,

Елге қайтып
солардың ішіне кір,

Он бір болып
келіңдер Ақмоладан

Ашылатын съезге
ендігі жыл.

1 Ақмола уезінен 6 съезге өкіл болып келген әйел.