ВЕРНУТЬСЯ

Ойын, қырын, адырын,Құшқың келіп жүресің.Досым, елдің қадірің,Алыс жүрсең білесің.Өзге өңірден ерекше,Сұлу болар таңы да.Құмартасың керексе,Аунасам деп шаңына.Айтар болсам жасырмай,Оның сыры, мәні бар.Әр жүректің асылдай,Туған жерге әні бар.Жүрегіммен енді ұққан,Хабар күтіп күнбе-күн.Шекарада сондықтан,Сақшы болу-міндетім.