ВЕРНУТЬСЯ

Нарын құм бұрқырап,Дүниенi үптердей,Өзiн өзi жүн етiп түткендей.Кейде құйын боп түрегеледi,Махамбеттен бiр хабар күткендей. Тарамыс бұталарының,Саусақтары сақ-сақ күлгендей.Сол күлкiсiмен жiгерсiздiктi бүргендей.Осы құмды бiр-бiрiне қосып, көбейтiп,Кейде желге ұшырып, азайтып,Дала есеп шығарып жүргендей. Дала ненi есептейдi?Оны ешкiмге айтқан емес.Ал құмдарыайтқанынан қайтқан емес. Көшем десе, көшедi,Таудай боп өсем десе, өседi.Жарты әлемдi ап жатам десе, жатады.Кейде таулардан зор,Бұл құмдардың атағы.Құм арқалаған ана қыр,Қазаққа пана-дүр.Бабаның батихасымен,Құмдардың математикасымен,Өрiлген дала бұл. Мәрттiктiң ұясы,Аптапқа да кеппей жатқанқанды жорықтың сиясы.Бұл дала – қуаныш пен қайғыныңГеографиясы. Тарихымның қапиясын,Көзiмен көрген от-ұясын.Ауыр денемен жеп-жеңiл көшiп жүретiн,Түсiнбейдi ешкiмбұл құмның философиясын.