ВЕРНУТЬСЯ

         Сыбырды
құдай естір деп,

Сабыр қып жүр ем жақ ашпай

Сөзімді тыңдар ешкім жоқ,

Сауын айтсам да алашқа-ай!

Құлы боп
бәрі ақшааның,

Түрі жоқ түкті ұғатын,

Түбінде жүрек - шақшаның,

Ар-ұят қалды бір атым.

Тоңдыға
жауып кіл жала,

Тобықтан қағып тастадық,

Іргеде болса зілзала

Ырықпен аяқ баспадық.

Қайырым деген қазына

Түгесілгенде шым-шымдап,

Құдайға
өкпе-базына

Айтамыз тіпті былшылдап,

Қашан біз халық боламыз,

Адамы азған ғасыр-ай?

Шақшаның түбін қағамыз

Бір атым іздеп насыбай...