ВЕРНУТЬСЯ

      Аса қадірлі Николай Иванович!
    Сізден қазір
ғана алып отырған телеграммаға мен, амалсыздан,
қазір орыс кластарының оқытушылары толық деген жауап қайырғалы отырмын. Әрине,
олардың ішінде өздерінің қабілеті
жағынан нашарлары да жоқ емес, бірақ
оларды ренжіткім келмейді. Олардан тәуір оқытушым
болмағандықтан, кезінде қызметке алмай қоя алмадым.
Қелесі оқу жылының басында бізге жаңа оқытушылар қажет болар; бірақ Сіздің
маған ұсынып отырған білімді жас адамыңызға оған дейін күту, әрине, мүмкін
емес. Сіз менің жіберген телеграммамнан Торғайда 20 адамдық ерекше қолөнер мектебін ашқалы
жатканымызды білген боларсыз. Онда
оқытатын қолөнерлік сабағымыз, көбінесе, ағаш ұсталық жұмыстары болады
және, егер мектепке тарта алсақ, кыздарға
кесте тігу, тағы басқалары сияқты
қолөнер жұмыстары үйретіледі. Онан соң,
Торғай қазактары бұл мектебіміз біздің қадірлі Яков Петровичтің құрметіне «Яковлев мектебі» больпп аталынсын деп өтініп отыр. Бұл
мектеп қоғам қаражатына ашылады. Әрине, бұл сияқты өте пайдалы мектептің жолға
түсіп кеткені өте жақсы болар еді;
бірақ, бір жағынан, қолөнер кәсібіне, екінші жағынан жазу-сызуға үйрете алатын
қолайлы оқытушы тауып алу оңай болмайды-ау
деймін. He істерсін, Сіздің ақылыңызды алып, істі бастап, асықпай жүргізе
беруіміз керек, азғантай табыстарымызға да қанағат ете білуіміз керек болады. Сондықтан, бұл
жұмысты әзірге ағаш ұстасымен-ақ
бастай беремін. Ал оқу-жазу жұмысын
басқа бір сауатты адамға, немесе, бәлкім, қыздарға қолөнерін үйрететін адамға тапсырармыз, бұған жергілікті ханымдардың біреуін
лайықтап отырмыз.
Қазақтарға
Мұхамбет дінін көбінесе үйде оқыту жұмысына арналып құрастырылған кішкене оқу құралымды мен Сізге кеше ғана жіберіп, бұл сыяқты кітаптың татар тілінде басылу жолын көрсетсеңіз екен және
мүндай кітапты 1000-2000 данасын бастырып алу қаншаға түсетінін білдірсеңіз екен деп өтінген едім. Және ол жауабыңызды
В. В. Қатаринский арқылы
жіберіңіз деп етінген едім, бірақ, Василий Владимирович, жуырда Орал облысына және одан да әра
карай жүріп кететін сияқты көрінеді. Сондықтан, жауап жаза қойсаңыз, оны А. Г. Бесоонов арқылы жібергеніңіз дұрысырақ
болар.
Ертең өзімнің
туған еліме жүргелі отырмын. Екатерина Степановнаға менен жалынды сәлем
айтуыңызды сұраймын.
Сізді аса қадірлейтін жіне Сізге іишын берілген И. АЛТЫНСАРИН.
Мен Сізді тағы
бір өтінішпен мазалаймын.
Торғай облысындағы мектептердің жанынан окытушыларға және оқушыларға арналған кітапханалар ашпақшымын. Бұған 700
сомға жуық ақша да жыйып
алдым. Бұл кітапхіаналар - олардың
кітаптарымен тек оқушылар мен оқытушылар ғана пайдалан үшіін емес, сонымен қатар, мектеп бітіріп қырда жүрген
жалпы сауатты адамдар да білімдерін өзбетімен
көтере берулері үшін пайдалы
кітаптар және  оқу құралдарын тауып алуларына
мүмкіндік туғызу мақсатымен ашылады. Менің енді екі-үш класты халық мектептерін
бітіріп шыққан адамдар еркін түсіне алатын, білімнің барлық салаларынан
кітаптар және оқу кұралдарын таңдап
алу жөнінен кыйналып отырмын. Егер уақытыңыз және мүмкіндігіңіз болып, осы
көрсетілген мақсатқа қолайлы
деп табатын кітаптарыңызды және оқу құралдарыңызды айтьгп бөрееңіз, бізге үлікен қамқоршылық еткен болар
едіңіз.
1883 жыл, 15 сентябрь.
Орынбор қаласы.