ВЕРНУТЬСЯ

Сағынып жеттім сендерге,Сел-сезім тұнып кеудемде,Сарғая көзді тастаймынСағымы жүзген белдерге. Оралып жастық әлемі,Тербейді сазды әуені.Көз алдыма көлбеңдеп,Жүздерің жарқын келеді. Бәрі де ыстық көңілге,Шуағын нұрлы төгуде.Бірге оқуға жаралдықКелгенде ұлы өмірге. Қызық та күндер өтті ғой,Қилы да күндер өтті ғой.Арманға толы албырт шақБосардай көңіл тәтті ғой. Аулдан алыс аттанып,Арғымақтарды баптадық.Бірге оқыған достардыАңыз ғып айттық мақтанып. Дөңгелеп дүние ұршығы,Ағыстап жылдар сыңсыды.Көңілде қайта ояндыКөктемнің жасыл бүршігі. Жанымыз жайнап, жасарып,Сәніміз сондай жарасып,Тізбегін сөздің ағыттық,Бір-бірімізбен таласып. Жүректің құсы шарықтап,Барамыз алыс қалықтап.Болайық аман, бауырлар,Тірлікте мынау тауып бақ. Болайық бауыр біз деген,Бір-бірімізді іздеген.Жолығып тұрсақ бірауықСағыныш толы жүзбенен. Тағдырдан тарту толайым –Болдық біз бүгін көзайым.Сағынып жеттім сендерге,Сағынып маусым – жаз айын.

Автор: