ВЕРНУТЬСЯ

         Ай, жараңдар,
жараңдар,

Тыңдаңдар да қараңдар.

Күн сәулетті ұлысым,

Айыны қорғар не амал бар?

Ақырғы сәтім таянды,

Жауыздар білмес аяуды.

Қайғыға жүзім боялды,

Жерімді жаулап жау алды.

Түбінен сынды тірегім,

Адыра қалды тілегім,

Салдырап бітгі білегім,

Қалтырап кетті жүрегім,

Таусылды-ау дәмім, білемін!

Қанішер залым басынды,

Қулығын
менен асырды,

Апанға алдап түсіріп,

Жұтатын болды басымды.

Тебінгім текке шіріді,

Темірдей күнім құрыды,

Тұйыққа тығып қармады-ау,

Құтқармай
жаудың құрығы.

Көңілді жайлап уайым тұр,

Дұшпанның көрі дайын тұр,

Құтқаршы мына пәледен,

Апатайым, Айын
Умсур!

Бір әкеден тумап па ек,

Бір шешеден тумап па ек,

Есіңе алшы сен мені,

Бір арманды қумап па ек!

Бейқамдықтан сорладым,

Бұлқынамын,

Тордамын.

Басыма күн туды ғой,

Болшы, апатай, қорғаным!