ВЕРНУТЬСЯ

     Көрсем
деп Атыраудың өр иығын,

Керсем
деп жер биігі -

Жерұйығын,

Сағыныш
құшағында балаң келді,

Ассалаумағалайкум,
Гурьевім!

Көрсем
деп Ақ Жайықтың атырабын,

Көрсем
деп Нарындағы Батыр аулын,

Сағынып
алыс жолдан балаң келді,

Армысың,
айналайын, Атырауым!

Армысың
Ақ Жайығым - аппақ айдын,

Қалайша
сені жырлап, мақтамаймын?!

"Ақ
Жайық" десе біреу -

Алматыда

Жүріп те
жан-жағыма жалт қараймын.

Жарлы
емес топырағың Батыр ұлға:

Исатай
аңыз болды - аты құмға...

Атырау
аты-шулы толқынымен

Туғызды
Махамбеттей ақынын да!

Күй
шалқып күмбір-күмбір -

бұйра
белден,

Соңынан
кейінгі ұрпақ сыйлап ерген,

Өнердің
туын тіккен өлкесің
сен,

Құрекең!

Дәулеткерей!

Дина
көрген!

Жазылды
бұлар жайлы ұлы дастан,

Даңқың бар
біреуіне бірі ұласқан.

Жапанда
мұнайшы мен бұрғышың жүр,

Жеті
қат жер қойнының сырын ашқан!

Сарғайып
таң атқанда сары белден,

Қаптайды
кең Нарынды малың
өрген.

Каспийде
асау тайдай балығың
бар,

Табиғат
бұл байлығын тағы берген!

Жанарын
жаңбыр емес, жалын жаған, -

Малшың
жүр сардалада сағым буған:

Осылар
- игіліктің қожасы да,

Осылар
- шөліңді де бағындырған!

Атырау!

Жырласам
да бұрын ептеп,

Бере
алман тарихыңды суреттеп.

Жетісу
- жұмағында жүрсем-дағы,

Санаймын
мен өзіңді: Құдірет! - деп.

Сан
ғасыр шаңырағың шайқалмады,

Өңірің
гүлдеп өсіп, жайқалды әрі.

Төсіңнен
түлеп ұшты...

Сенде
туған -

Өнер
мен өлең-сөздің майталманы!

Жыр
жаздым саған деген сағыныштан,

Жерім
жоқ жаңсақ басып, жаңылысқан.

Қабыл
ал!

Осы
менің - ақ пейілім,

Өзіңе Алатаудан алып ұшқан!