ВЕРНУТЬСЯ

 Кілең жас солдат желөкпе,

Жын ойнаған шегір көзіңде.

Оқ атқан көкжал төбетке

Байлаулы тұрған
кезінде.

 Жауына сұмдық
кектеніп,

Сезбедім деп те күн бұрын.

Қаншама төбет
кетті өліп,

Кете алмай үзіп шынжырын.

Солдаттар үйді қиратқан

Отқа орап таулы өңірді.

Қыңсылатып қаншық итті атқан

Қыңсылатқандай қаншық өмірді.

Өлейін дей ме аулақта,

Ішінен өксіп шынжылап.

Жөнелген безіп тау жаққа,

Босанған иттер қыңсылап.

Ар-ұяттан жұрдай
тоналған,

Солдатқа, сірә, сот барма?

Тау асып иттер жоғалған

Жеткізбей қуған оқтарға.

Көзінен жарқыл жоғалған,

Буралқы боп азап көп шегер.

Иттермен бірге...

Жоқ арман

Иттік те қашып кетсе егер.