ВЕРНУТЬСЯ

    Өмiр солай! Ұнат мейлiң, ұнатпа.

Оны ешкiм жатқан жоқ қой сұрап та.

Жыла! Шыда! Адам деген ұлы есiм,

ұлы есiмнiң тiршiлiгiн құлатпа!

Аяз киiп келе жаттан алдан қар,

Жылы жаққа ұшып кеттi тоңғандар.

Ызғар желдiң соққандығын сылтау ғып,

Жапырағын қуып шықты ормандар.

Наурыз келер жасыңызға жас қосып.

Асау өзен таудан құлар тасты осып,

Дауыл соғар көтерiлiске шыққандай,

Барлық құйын бас қосып.

Жаңбыр келер, мiнiп алып ашуға,

Қүйындардың көтерiлiсiн басуға.

Шабыт келер шаттыққа орап менi де,

Өлең тұрар ернеуiнен тасуға.

Қыс та бiтер,қарды қармен жамаған,

Мiнезiне мiнез қосар заманам.

Өле-өле тiрiлерсiң, сағыныш,

Дауыл-заман сүрте алмас-ты санадан.