ВЕРНУТЬСЯ

        Өмір деген мәңгі жол,

Қайтпас қайсар қозғалыс,

Қиян асу, қарлы бел,

Қиынына төз,

Қарыс.

Сойдақ тісті аңғарда,

Су гүрілдеп жар
салар,

Шаршап-талып барғанда,

Азан-қазан қарсы алар.

Маза бермес,

Білемін,

Тынымға өзі зар мекен,

Қозғалыссыз бір орын,

Бұл әлемде бар ма екен?

Өмір - майдан мәңгілік,

Келіс, мейлі, келіспе,

He тартады тағдырың,

Жеңіліс пе,

Жеңіс пе?

Жүзінен қан тамшылап,

Қанжар қалса шарт сынып,

Қасарыста қансырап,

Құлап түссе мәрт жігіт.

Бас амандық -

тілегін

Тосады оған қай мекен?

Қантөгіссіз бір орын

Бұл әлемде бар ма екен?

Өмір - ән ғой мәңгілік,

Тебіренте шырқалар.

Шабыт оты жандырып,

Көкірекке нұр толар.

Кейде ішектен үн шығар,

Қайғы-мұңнан өрілген,

Шаршар сонда жыршы да

Күйіп-жана беруден.

Жан тыныштық -

Тілегін

Тосады оған қай мекен?

Қайғы-мұңсыз бір орын,

Қозғалыссыз бір орын,

Қантөгіссіз бір орын

Бұл әлемде бар ма екен ?!

 Нан тапқам жоқ ешқашан өлеңіммен,

 Аш қалмай-ақ сонда да келемін мен,

 Поэзияның арқасында.

Саған да жыр нан болмас,

Ақталмағын,

Сәл жұмсарар, бірақ та қаткдн наның

Поэзияның арқасында.