ВЕРНУТЬСЯ

          Қайырке тоқты
ұрлығынан тиылғанмен, ол екеуміз етсіз болған жоқпыз. Бұл түрлі тамақпен бізді
асырайтын - Жөкқасқа». «Көкқасқа»- иттің аты. Бұл тұқымдас иттер Құтырлағанда
жетеу ғана. Оның екеуі Иван Севастьяновта, екеуі Николай Севастьяновта, біреуі
Самойло Токаревте, біреуі қазақтар «Бай-Бәске» деп атайтын Василий Терехинде,
енді біреуі Федор Чемасовта.

Бұл тұқымдас
иттердің бәрінің де түгі көкшіл болады. Араларындағы айырма: біреуі ақ мойнақ,
біреуі ақ қасқа, біреуі ақтөс, біреуі көкала... деген сияқты денесінің әр
жеріне біткен ақ жолақ қана.

Олардың дене
тұлғалары да біркелкі: бойларының биіктігі - орта бойлы, кісінің кеудесінен
келерліктей өрелі, тұмсықтары істік, бастары сопақ және маңдайы мен тұмсығының
екі арасы екі сүйемдей ұзын, салбыраған жіңішкелеу шашақ құлақты, жуан мойынды,
салыңқы төсті, белдері бүкіштеу, кіндік жағы тартыңқы, құйрықтары сабаудай
тақыр, тілерсектері майысқан, аяқтары тықыр, жіңішкелеу келеді.

Иелері күтіп
ұстайтын бұл иттердің ішкен тамағы бойына жұқпағандай қабырғалары ырсияды да
жүреді. Қарындары ешуақыт жарау қалпынан төмен түспейді. Жұрттың айтуынша,
бұлар «лөктір итінің күшіктері». Бертінде білсем «лөктір» дейтіндері Преснов
қаласында тұратын Баярский дейтін байдың тұқымынан шыққан медицина докторы
екен.

«Лектір» итінің
тұқымын ең алғаш Құтырлағанда Муганцев дейтін бай адам әкеледі. Баярский оның
құдасы екен. Муганцев Баярскийден бір ұрғашы күшік қана әкелген екен деиді. Осы
күшік үйіпен шыққаннан кейін Қорған қаласына алып барады да, сондағы атақты бір
итке ұйықтырып қайтады. Құтырлағандағы көк иттер осыдан өседі.

Білетін
адамдардың айтуынша: бұл иттер қоян да, түлкі де, қасқыр да алады.

Көк иттер
көбінесе байлауда жатады. Иелері оларды жаздаи баптап күтеді де, аңға күзгі
сонардан бастап салады.

Құтырлаған
станицасындағы бай орыстар жүйрік ат пеи жүирік ит ұстағыш, аң қуғыш бәйгеге ат
қосқыш залокке ат шаптырғыш... Кек иттің иелерінен, өз меншігіндегі екіитті
еркін ұстайтын жалғыз Иван Александрович Севасть.

 Неге екенін кім білсіи,- қазақтар Иванды
«Мәлке» дейді, інісі Николайды «Көлке» дейді. «Көлкесі» Николайдан шығуы
белгілі, «Иванды» «Ваня, Ванька» деуі керек қой. Қазақтардын, «Мәлкені» қалай
шығарып алуы белгісіз. Тегі Иваннын, інісінің аты «Колька» болғандықтан соған
ұйқастырып, Иванды да «Мәлке» қып алған болу керек.

Құлақ естір
жердің қазағында Мәлкені білмейтіиі болмайды. Бай дәулетті ол ылғи Жүйрік ат
ұстайды да, қай жерде той не жарыс !болса соған қосып жүреді. Мәлке - қазақшаға
ағып тұрған тілмаш. Қазақтың ғұрпын да жақсы біледі.

Бірнеше жыл
әскерде қызмет істеп келген Мәлкенін, офицерлік шені бар. Кейде ол офицерлік
киімдерін киіп, көшеге жарқырап шығады. Қала арасында да, шет жерге шыққанда да
ол салт жүреді. Бұ қаланың аң қуушыларын бастайтын - сол. Өзі зор денелі, мол
қара сақалды, дөңгелек толық бетті, кішірек қара көзді кісі.

Мәлкенің
қарамағында кек иттің екеуі бар дедік қой. Бірі - тұмсығынан маңдайына шейін ақ
қасқа, өзге денесінің түгі түгелімен көк, ал, енді бірі ақ мойнақ және құйрығының
ұшы ғана ақ. Ақ мойнақтың аты - «Дьявол», кекқасқаның аты,- «Сокол». Ақмойнақ
еріншектеу және қабағандау. Көк қасқа әрі жуас, әрі елгезек,- танитын кісісі
шақырса бара береді, еріп те кетеді.

Сиыр бағуға
шыққанда Қайырке екеуміз Мәлкенің екі итін кейде жұбымен, кейде Ақмойнақ ере
қоймаса, Кек қасқаны ертіп алып кетеміз. Оны ертіп шыққан күні біз етсіз
болмаймыз. Қалың ағаштың ішіне әкеп сиырды жайып жіберсең, дегбірсіз қоян сорлы
шетіне үркіп шыға келеді. Со кезде не Қайырке, не мен,- екеуміздің біреуміз
ертіп апарған итті қарғыбауынан ұстап отырамыз. Ит «қай жерден қоян шыға қашар
екен» дегендей, жан-жағына алақтап қарай бастайды. Қай жерден қоян шыға келсе
де, оны ит бізден бұрын көреді. Со кезде қыңсылап жұлқына бастайды. Ағаштан аң
қашып шыққанын біз білеміз де, мойнын босатып, «Һайт!» деп қаламыз. Денесі
таразы ит сүйрелеңдей тартады...

Иттің қуған аңын
біздің көзіміз кейде шалады, кейде шалмайды. Щөптің бойы биік болады да, қашқан
аң, қоян мен түлқі брдса көрсетпейді, аңның қалай қарай қашқаның»

биік шөтің
бойынан орғып шапқан иттің жобасынан ғана

байқаймыз...

Жоғарыда аиттық
қой, «ағаштан қашып шығатын көбінесе дегбірсіз қояндар» деп. Ағаш ішінде аз
бола ма, немесе кулық қып тығылып қала ма,- түлкінің қашып шыққанын біз женді
кездестірмейміз. Ит ертіп шыққан күннен бастап, айдан артық уақыт өткенше біз
екі-ақ түлкі көрдік. Біреуі бір ағаштан қашып шыққанмен, екінші ағашқа кіріп
үлгерді, екіншісін Кекқасқа басып қалды. Түлкі дегенде ит тұқымдас мақұлық емес
пе? О да шамасы жеткенше таласпай ма? Сондықтан болу керек,- қоянның көбін
елтірмейтін Көкқасқа, біз барсақ түлкіні өлтіріп тастапты, өзінің де екі ұртын
түлкінің тісі жырып, қанап қапты. Соған қарағанда түлкі таласып барып өлген
болу керек.

Қайырке маған
Көкқасқаның жүйріктігі, алғырлығы туралы неше түрлі қызық әңгімелерді айтады.

- Бірақ,- деп
арман етеді ол,- осы итке қасқырды кездестіре алмай-ақ қойдым. Қыстыгүні аңға
шыққандар, қасқырды бұл ит еркін алады дейді, аңға мен шыға алмаймын.

-        Неге? - деймін мен.

-        Сен, езің қызық екенсің ғой,- дейді
Қайырке кейіп,- аңға аты бар кісі шығады және соны қарға шабатын қаидай ат ол.
Менде ат бар ма сондай.

-        Кеңесіңді айта бер,- деймін мен.

Иттің жүйріктігі,
алғырлығы туралы тағы біраз әңгімелерді сейлеген Қайырке, қасқырды жолықтыра
алмауын та» ғы да арман қып айтадьі. Мен де іштей арман етем...

Осы арманға
Қайырке екеуміз бір күні жеттік. Қаладан алысырақ жерде тұратын, өрістегі мал
сирек баратын бір шақ ағаш бар да. Ағаштың ортасында, шілдеде суы құрғап
қалатын томар болатын. Томарға араласа қалың тал өскен. Ағащ осы томарды айнала
шыққан және «ит мұрны етпейді» дерлік қалың, орысша аты «Иваново кол» қазақша
аты «Керейбай шоғы».

Қасқыр бір жатса,
Керейбай шоғында жатады,-дейтінді Қайырке,- күзге қарай сиырды соған жайып
апару ерек, қасқыр жатса айдап шықсын.

Бағұс-ау, шыға ма
ол қалың ағаштан қасқыр?  өзгеге жуас
болғанмен, қасқырға өжет. Көзі-

көрсе еңіріп-бақырып
қамап алады да, қашып құтылмаса, мүйіздеп жарып тастайды...

ұл менің бұрын
естіген сөзім. Көлденең кеңестің бәрін

былай қойғанда,
біздін, үйдін, бір сиыры көктем кезінде жайылымда жүріп бұзаулап қалады.
Әке-шешем кешке дейін тосады да, келмеген сон, әкем өрген жағына жаяу іздейтін етеді.
Сиырды ол таба алмай жүргенде түн басталды... Со кезде сиырдың өкірген даусы
естіледі. Ай жарық екен. Әкем қасқыр қамаған екен деп ойлап, өкпесін қолына ала
жүгіреді... Барса, жалғыз сиыр екі қасқырмен алысып, туған бұзауын қорғап тұр
екен... Қасқырлар қаша жөнеледі... Қасына барса, сиыр болдыруға айналған...
Тілі сала құлаш шығып кеткен... Денесіне қасқырдың тістері тиген...

Бұның анық оқиға
екенін, өтірікті білмейтін Мұстафа айтатын... Ол жалғыз сиыр... кеп сиыр
біріксе не шыдатпақ!..

Қайырке екеуміз
баққан сиырларымызды Керейбей шоғына қалың ағаш жағынан кіргізбек болдық, итті
далалық жаққа үйген маяның тасасында мен ұстап отырмақ болдым

...Маяның ығында
отырмын. Қолымда қарғыбауынан ұстаған Кәкқасқа. Бірталай уақыт өтті. Зеріге
бастадым. Ағаш жаққа маяның ығынан үңіле қарап қоям, ешнәрсе көрінбейді...

Бір кезде ағаш
жақ азан-қазан бола қалды... Ит те атып тұрды, мен де атып тұрдым... Азан-қазан
дауыс, сиырлардың дауысы. Әуелі аздап өкірген сиырлардың дауысы біраздан кейін
тұтасып, кебейіп даланы басына көтерді. «Қасқыр!» деген ой кеп кетті маған...
Жүрегім тулап барады... Ит те әлденені сезгендей қыңсылап жұлқына бас-тады.
Ағашқа қарай тырмысқан ол мені сүйреуге айналды... Иттің күші менен әлдеқайда
көп екенін мен сонда ғана аңғардым... Сонда да айырылмай, мықшия тартып келе
жатқанымда, ит бір рет арс етті де, жұлқына кеп жөнелді... Қарғыбауы қолымнан
сусып шығып кетті... Мен құлап қала жаздап барып әрең оңалдым...

Ит ағаштың қырындау
тұмсығына қарай шапты. Ол арада ескі егіннің орнына шыққан қалың ермен...
Зымыран шапқан ит ерменнің ішіне барып кірді... Ол бұрынғы әдетімен, биік бойлы
ерменнің үстінен орғи шапты... Со кезде ерменнің ар жағындағы жазыққа қарай
денесі салаңдап, бір зат шыға келді,- тани кеттім,- өзіме таныс қасекең!..
Бірақ қасқырдың шабысы тым солғын, ол тек қана шоқақтанды, артына қарайлайды!..

Со кезде ағаштан
қасқырға қарай өкіре жүгірген сиырлардың алды да көрінді... Мен де жүгірдім...
Қасқырдың артына алаңдағанына енді ғана түсіндім: оның арт жағын-

шоқақтап екі
бөлтірік кетіп бара жатыр. Бойларының

шамасы түлкідей
ғана.

Ирелеңдей, бар
шабысымен үмтылған Көкқасқа бұрынырақ жеткен бөлтіріктердің біреуіне де ауыз
салмай, қасқырдың өзіне бет қойды... мұндайда ес қала ма!.. Екі өкпемді қолыма
алып, ұшып келем...

Көкқасқа жеткен
қасқырдың бөксе жағынан омырауымен соғып өтті ме, немене,- жанасқанда қасқырдың
беті бері бұрылып қалды да, иттің езі ағып өтіп кетті. Ит бері қарай бұрылғанда
қасқыр екеуі беттесіп қалды. Бірақ ит те, қасқыр да ауыз салыспай,
қарсыма-қарсы қарасып тұр!..

Екі кезім
жасаурап кетті. Ағаш жаққа қарасам, Қайырке де ұшып келеді екен. Бері қарай
жүгіріп келе жатқан сиырлардың бетін қайтарып тастаған болу керек,- бірнеше
сиыр аңырайсын қасқырға қарап тұр....

Қасқыр мен итке
мен жақындап қалдым. Аузымнан «һайт!» деген дыбыс шығып кетті. Со дауыстан
қасқыр маған жалт қараймын дегеиде, ит оның мойнынан алып қалды. Иттің тісі
қаттырақ тиді ме, немене қасқыр бұлқынып қап, итті сілкіп жіберді. Со кезде
екеуі алдыңғы аяқтарын көтерісіп, түрегеп алысып кетті. Мен қасына келіп
қалдым. Екеуі текетіреспен тұр.

Со кезде ит күш
алды да, болмаса адамнан жасқанды ма, қасқыр тірескен аяғын темен қарай түсіре
бергенде, оның алқымына тағы да аузы тиіп қалған ит, жамбасқа ала қасқырды
сілтеп кеп соқты да, кеудесіне мінігі алды... Со кезде Қайырке де кеп қалды.
Қара терге түсіп, жүгіріп келген қалпымен ол, қолындағы шоқпармен қасқырды тұмсықтан
кеп соқты. Қасқырдың мұрнынан қан жылжып жүре берді...

Ит әлі басып
жатыр... Ол жай басып жатқан жоқ, алқымнан алған аузын толғай түседі толғаған
сайын ырылдай түседі...

-        Сен неғып тұрсың? - деді Қайырке маған
ақырып.

- Неғыл деңсің?

-        Ал, қасқырды ана артқы екі аяғынан тарт!

Бөксесі шошаңдап
жатқан қасқырдың артқы екі аяғынан

мен шап беріп
ұстадым да, бар күшіммен кейін қарай тарттым. Со кезде Қайырке белбеуінде
байланған қынында жүретінөткір кездігін суырып алды да, қасқырдың кіндік
тұсынан сұғып жіберіп, төсіне қарай ірей жөнелді...

Өлген қасқырдан
иттің аузын көпке шейін біз ала алмадық, егер айырсақ бізді қауып тастайтын
қалпын бід дірді... Иттің аузы қасқырдың алқымынан, қасқыр өліп біткенде ғана
босады. Бұ кезде күн кешкіріп қалған еді.

-        Әттегене-ай - деп екінді Қайырке,- әлгі
екі бөлтіріктей айрылып қалдық-ау!..

-        Мына қасіқыр тақияңа тар кеп отыр
ма!-дедім мен.