ВЕРНУТЬСЯ

      Өмір өзі кең ашып бізге құшақ жайғанда,

жетпеді ме ақылым, аздық етіп айлам да,

ұғысардай
үреймен, шығысардай дүлеймен,

қылыш алмай қолыма шықсам керек майданға.

Жұлдыздардан
әрі өтіп, айдан ақыл дөметіп,

кермек
татыр кешегі көздің жасын бал етіп,

кім ойлаған,

бақытты құшамын ба дегенде,

аяғынды әп-стте қысарын да тар етік!

Одан әрі кезігіп көкесіне қырсықтың,

кейінгіге корсетпей көздің жасын бір сықтың,

көкті кезіп көңілің жүрген шақта,

құдай-ау,

кім ойлаған жартасқа тірелерін тұмсықтың.

Сойыл сілтеп содыры, құрық алып қырты
да,

шідерледі
аяқты, жібермеді ырқыма.

... Көкті кезген сапардың осы болып аяғы,

қайта оралдым баяғы үйреншікті жұртыма!

19 ақпан, 2006