ВЕРНУТЬСЯ

    Қырық
бірдің отқа оранған таңында,

Отаны
үшін қиған шыбын жанын да, -

Жерленген-ді
матросы Балтықтың

Теңізшілер
зиратының маңында...

Жігіт
десе, жігіт еді - өрт еді,

Өлімнен
де қорықпайтын ол тегі.

Харкуде
оны тұтқындаған
жендеттер

Үйеңкіге
таңып тастап ертеді...

Басында
тұр сол үйеңкі - сол ағаш,

Жапырақта,
бұтақ та жоқ -жалаңаш!

Матростың
күзетшісі секілді ол -

Енді қайтып жау да оған жоламас!