ВЕРНУТЬСЯ

Сөзшеңдер неменеге сүйреңдейді,

Жүгіріп, асып-сасып,

Күйбеңдейді ?

Шамасы көрші жігіт,

Көрші қызға,

Қырындап жүрген шығар үйленгелі.

Сығалап ана жерден,

Мына жерден,

Екі жас кездескенде сірә, көрген?

Ұмытып
өздерінің от-ошағын,

Бәрі де тыңшы болып шыға келген.

Игі іс боп,

Қасиетті рухтағы,

Көрінер өздеріне қылықтары.

Тамызып сөздің майын кезек-кезек,

Тұрады
ду-ду етіп құдық маңы.

Көпіртіп көргені мен білгендерін,

Тізеді кімге,

Қашан,

Кім келгенін.

Қай қуыс,

Қай қалтарыс,

Қай тесіктен

Ұқпайсың
қалай көріп үлгергенін.

Бейшара балалар-ай,

қасиетті

От сезім бір біріне ғашық етті,

Тұп-тұнық, биязы, пәк сол сезімді,

Өсектің өкшелері басып өтті.

Тілдесе қалсаңдар-ақ қара баспақ,

Гу етіп ұзынқұлақ
ала қашпак,

ұрланған

Ұятсыз көз екеуіңді

Сол сәтте-ақ жібереді жалаңаштап

Құлақтар
түріледі,

Езу күліп,

Еріндер сылпылдайды төзім құрып,

Телеграф сымымен тарағандай,

Сөз шарлар шартарапты кезіп жүріп.

Өсекші шіркіндер-ай,

Теріп-бағып,

Кімдердің қамын жеп жүр

Өліп-талып?

Көрші ұл

Көрші қызбен тілдескенін

Шамасы, айтты-ау біреу көріп калып!