ВЕРНУТЬСЯ

Қақпаға аңыратып,Соққанда 1000-ыншы доп,Стадионды жамыратып,«Табындық талантына,Пележан ұғыншы» – деп.Жанкүйер қол соққанжа.Футболшы жылап тұрды,Бақытпен кездескендей,Бетпе бет бірінші рет...Мың ойын мың түрлі еді,(Мың бақыт мүмкін бе еді?)Шайқалып стадион,Мың рет дүрілдеді.Мың рет күлімдеді...Толқытты осы көрініс,Неліктен бүгін мені?Біткен жоқ ақырғы әнім,Мұратым – жыр-өнерім.Деп іштей түнеремі:«Қол соғар оқырманым,Жазылмақ қашан менің,Бір өлеңім.Өй-зерде ашар кенін,Ірі өлеңім!».