ВЕРНУТЬСЯ

         Бітіпті деймін
түсімде қос қанат маған,

Қос топшым бар да қолым жоқ,

Қостан аттанам...

Қатар да қатар қаптаған қауырсынымды

Керегедей ғып жаям да досқа мақтанам.

Үзіліп біреу қарайды,

Сүзіліп біреу,

Қызғанып біреу .қарайды,

қызығып біреу.

Аспандап ұшып,
биіктен кұйылып түсіп,

Жарқылдап өткен жасыннан қыз үміттілеу.

Қара Ертіс дедік, Сарысу, Ақжайық дедік,

Қалықтап ұшып, әлемді қақ жарып келіп,

Қиядан шалып, қарағым, қатарлас қондым,

Киюы келді
дүние жап-жарық болып.

Бастағы бағың көрсетсе тұрлаусыз қалып,

Ойнайды-ау тағдыр жараңа ыңғай тұз жағып.

Қолдарым қайда өзіңді қапсыра құшар?!

Қор болдым қанаттарымнан ыңғайсызданып!

Жап-жарық залда

Жаппай би, тынбай қызған ән,

Билейікші деп, бұрылып
ымдайсың маған.

Құшақтап сені билер ем,

Құшар ем тас қып,

Атаңа нәлет қанаттан ыңғайсызданам!