ВЕРНУТЬСЯ

         Михайл Лермонтов

Қош бол, Ресей,
кірлеген,

Байдың елі, құл менен.

Қош бол,

көкшіл шендер де,

Шенқұмар жұрт,

сендер де!

Кавказ асып, жырақ мен,

Қашам қаңқу сөздерден,

Бәрін естір кұлақ пен

Бәрін көрер көздерден.

Жұлдыз

Назарымды

Көп бөледі,

Арманыма

От береді,

Шақырады

Көкке мені,

Сол жұлдыздай

Жанар болған,

Соған жаным

Алаң болған.

Азап көрсе ол

Төзе алмаған,

Сол жұлдыздай

Көз арбаған.

Кірпік қақпай

Қарай берем,

Үмітсіз көз

Қадай берем.