ВЕРНУТЬСЯ

Мәңгілік менің бол, әнім!(Басыңда тұрмын моланың!)Қазылып бітсе төңірек,Мен қалай биік боламын?!. Мәңгүрттің көрдім қатасын,Тағдырдың көрдім шатасын...Қызғанып менен кәрілер,Кішінің алдым батасын! Азғындап біткен шалдар-ай,Барған жерлеріңде – хал қалай?!.Шұқыдыңдар-ау кезінде,Қозының көзін... “аңдамай!” Тағдырдан озып қашқан кім,Жатуын қара бастардың!..Жатуын қара сылынып,Сылам деп көзін жастардың!Тірі жан түбі нан табар,Есейді міне марқалар!Сытылып бірақ көздерің,Көрмейсіңдер ғой, қаңқалар! Ойлану керек, жарандар,Ойлап бас жерді, табандар.Құрттыңдар Арал теңізді,Көздерің барда, арамдар! Бас сыйла деген ғұрып бар,Басыңмен кетсін былықтар!Біздерге үкім оқиды,Біздерден соңғы ұлықтар!                  24.ІІІ.2004 жыл