ВЕРНУТЬСЯ

Сөндiрудi ойлама,Сөнбейтұғын жалынды.Көндiрудi ойлама,Көнбейтұғын жаныңды. Өз бетiңше мұңайған,Қиын болар бәрiбiр.Ең болмаса көңiлiңе,Түйiн болар бәрiбiр. Жасырасың несiне,Жүрегiңдi езiлген.Ұмытудың ауырын,Көрiп тұрмын көзiңнен. Сенiң көзiң қимаса,Қоштасайын өзiм-ақ.Оңашада мұңайып,Отырайық азырақ.            11.12.1979 жыл.