ВЕРНУТЬСЯ

      Бұл қалада сонау бір жыл

Роза атты көп
еді қыз.

Роза - бұлбұл,
Роза - бір гүл,

Деп келетін
өлеңіміз.

Әнге бөлеп
жаздың түнін,

Көйлектерді киіп
түстеп,

Роза қыздар роза
гүлін

Жүруші еді
сүйіп, иіскеп.

...Роза - әнші, Роза - күйші,

Көз ілеспес оң
қолына.

Роза - ғалым,
Роза - сыншы,

Қатал өлең
жолдарына.

Роза қыздар көп
болсайшы

Роза гүлдей
даладағы.

Желмен ұшпай, тоқтасайшы

Сұлулардың орамалы.

Мың қолдар сау
болсын деп,

Мен бір қолымды
бердім.

Мың жолдар жалғанарын
деп,

Мен бір жолымды
бердім.

Мың гүлдер
солмасын деп,

Гүлдей жастық
күнімді бердім.

Мың ақын толғасын деп,

Мен бір жырымды
бердім.