ВЕРНУТЬСЯ

Арманыма жетсем деп алға асығам,Таңға асығам, ататын тау басынан.Асау өзен сияқты сезім сондаАсып-тасып жатады арнасынан. Көктем дәуір құлпыртып, гүлімді ашам,Қуантатын халқымды күнім қашан?!Мен боламын –жерұйық – мекенді емесЖыр ұйығын іздеген бүгінгі Асан. Құйынында тірліктің сыры түрлі,Иығымда замана жүгі тұрды.Дауылыңмен қаңбақтай ұшырып кет,Ақтамасам, туған жер, үмітіңді. Мақсат – мәре, сен қандай жырақ едің?!Қамшыладым талаптың Құлагерін.Сүрінбесін деп ұлым сапарында,Ақ тілегін бағыштап тұр-ау елім! Қиындықтың құзынан сескенбедім,Парнасқа тарт, пырағым, төске өрлегін!Серттен шығам!                            Өйткені батыр бабамКіндігімді қылышпен кескен менің!