ВЕРНУТЬСЯ

    Сезім... Сезім - мәңгі жас көктембісің?

(Табынтады тірлікті көктем - күшің!).

Аяйтын ем мезгілсіз бүр жарғанды,

"Көктем сезім" күзінде шеккенді шын.

Шыдатпай тұр бір сезім жан өртеп, тың,

Өзгені аяп, өзімді алдыртыппын.

Бір сұлудың сиқырлы күлкісіне,

Елтіп міне отырмын, албыртып тым.

Болсын таза күлісің, жүрісің де,

Мін болмағай бет күйер бір ісінде.

Сені кісі етеді тек кісілер,

Сондықтан да ешкімге ірісінбе!

Сенбе "кемнің" қосқаны озбасына,

Сенбе алқа тоныңның тозбасына.

Бір Тәңірге сене бер сезім берген -

Барлық бақыт қонады өз басыңа!..

Алматы. 17.09.94 ж.