ВЕРНУТЬСЯ

     Жазсам-ау
дейсің - өміршең
өлең,

Нөсер
боп шабыт төгілсе
деп ем! -

Төгілмек
тұрсын, тоқырау басты,

Алайда
өзім еріншек емен!

Шабыт
бар әлі - ерінсе неден,

Аршимын
көзін
- көмілсе,
немен? -

Жалп
еткен ұшқын жалт етіп қайта,

Отырмын
ойда: "Көрінсе!" - деген.

Алса
да аздап "тоқырау" белең,

Күнә
ғой жазбау!

Оқымау!
- деген!

"Қайда?"
деп сұрап оқырман қауым,

Жақсы жыр күтіп отыр-ау менен.