ВЕРНУТЬСЯ

Шыжыған шілде-ай, көлеңкеге кел,Желпиін көңіл желімен.Жол қарап бізге сонау төбе,бел,Сағымға батып еріген. Аязды қыс боп жолықты күндер,Сағыныш сонда құтқарған.Алыста қалған көрікті күндер,Көйлегін киіп шықты алдан. Деміңде сенің өсіп едім мен,Қарсы алды сен боп шаттығым.Жалаңаяқ аптап кешіп едім мен,Құмыңа сіңіп кетті мұң. Ей, шілде,Ыстық самалыңды іштім,Жамылайын аптап-торғынды....жалғандық атты жабағы-қыстың,Долы күлкісі тоңдырды.            * * *Арманға жетіп жансақ бір дедік,өлеңге шерттік сыр іштен.Шағыл даладай шаршап бір келіп,Айдын көлінен су ішкен. Алдағы күнде мұрат тұрды ізгі,Қағып бір сезім әйнегін,Мына заман тұр сынап бір бізді,өзгертіп күнде көйлегін. Асқақ әуенді төгеміз әлі,Шуағын шөлдің жұтып ек.Қолымызға ұстап келеміз әлі,Үмітімізді үкілеп. Үмітсіз қалсам –жоғалған көлі,даладай,қақсып төңірек.Келе жатамын адамнан гөрі,Көлеңкеге ұқсап көбірек.